Brent мұнайының бағасы бір жарым жыл ішінде алғаш 57$ асты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) мен картельге кірмейтін мемлекеттер арасында мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімге қол жеткізілгеннен кейін, Brent маркалы мұнайының фьючерстер құны 2015 жылдың 21 шілдесінен бері алғаш рет 57 доллардан асты.

Мұны  Лондондағы ICE Құрлықаралық биржасының сауда-саттық мәліметтерінен көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбі, 10 желтоқсан күні Венада ОПЕК-ке мүше емес елдер министрлерінің картельге енбейтін мемлекеттер өкілдерімен кездесуі аяқталды. Отырыс алты сағатқа жалғасып, нәтижесінде мұнай өндірісін шектеу туралы келісімге қол қойылды. Ресей энергетика министрі Александр Новактың хабарлауынша, келісімге ОПЕК-ке кірмейтін 11 мемлекет қосылды. Олар алғашқы жартыжылдықта мұнай өндірісін шамамен тәулігіне 560 мың баррельге дейін азайтатын болады.

Айта кетейік, 30 қараша күні ОПЕК құрамындағы мемлекеттер мұнай өндірісін қысқарту туралы келіскен болатын: 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ол тәулігіне 1,2 миллион баррельге дейін қысқарады. Сол күні Новак Ресейдің отын өндірісін тәулігіне 300 мың баррельге дейін азайтуға дайын екенін хабарлады.