Brent мұнайының баррелі 45,37 долларға көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жетекші мұнай биржаларында жұмада сауда-саттық нәтижесі бойынша әлемдік баға көтерілді. Мұндай деректер Лондон мен Нью-Йорктың шикізат биржаларының сайттарында таратылды.

Лондонда таяу айдағы мұнай фьючерстерінің Inter Continental Exchange (ICE) - ICE Brent Crude Futures орташа жеткізу құны барреліне $45,37 ( 0,36) құрады.

Таяу айдағы мұнай фьючерстерінің Light Sweet Crude Oil келісімшартына New York Mercantile Exchange (NYMEX) орташа жеткізу құны барреліне $44,66 ( 0,34) құрады.