«Мен «Алматылықтардың кодексін» жасауды ұсынамын. Абай бойындағы орындықтарда «өмірден ләззат алыңыз» деген жазулар бар, отырайын десең онда темекінің тұқылы тұрады. Сондықтан тұрғындарға бірдей кодекс жасайық», - деді тұрғын.
Ерболат Досаев қазіргі уақытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өтті.
«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын адамдар жақсы қабылдады. Мен Алматы жақсара түсті деп ойлаймын. Жалпы ортақ мәдениетіміз туралы сұрақтар әлі де бар. Бірақ бұл мәселе бір күнде шешілмейді. Біреу қоқыс тастаса не даладағы орындықтарды сындырса, адамдар көбіне оған ескерту жасамайды. «Менің шаруам емес» дейді. Бұл да біздің затымыз, ал Алматы ортақ үйіміз екенін түсінген кезде бізде тәртіп пен тазалық болады», - деді Алматы әкімі.
Еске салайық, бұған дейін Алматының Неке сарайы неліктен қараусыз қалғанын жазған едік.