Brexit бойынша ресми келіссөздер басталатын күн белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Brexit бойынша британдық министр (Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы) Дэвид Дэвидс Лондон мен Брюссель арасындағы ресми келіссөздер 19 маусымда басталатынын мәлімдеді. Бұл туралы Лента.ру жазды.

Дэвидстің айтуынша, бұл жерде әңгіме Біріккен Корольдікте өмір сүретін еуропалықтардың тағдыры туралы және Еуроодақ елдерінде тұрып жатқан британдықтар жайлы болып жатыр. «Ешқандай қауіп жоқ. Британдықтар уайымға салынбаулары керек», - деп мәлімдеді шенеунік.

8 маусым күні Ұлыбританияда кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Консервативтік партия жеңіске жетті, алайда билік етіп жатқан көпшілікті жоғалтты және бірпартиялық үкімет құру мүмкіндігінен айырылды.