«Осы уақытқа дейін қол жеткізілген нәтижелер көлемі шамамен 75 пайызды құрайды», - деді М. Барнье.
Оның айтуынша, Ұлыбритания мен ЕО Brexit 2019 жылдың наурызында өтуі үшін барын салуда. Дегенмен, мерзім уақытының бұзылу қаупі де жоқ емес.
Осы аптада БАҚ Брюссель Британияның ЕО-дан кетуінен кейін Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы физикалық шекараның пайда болуына жол бермейтін Лондонның ұсынысын қабылдамады деген ақпаратты таратты.