Welt am Sonntag неміс газетіне берген сұхбатында EBA басшысы Андреа Энри Ұлыбритания азаматтары 23 маусымда елдің ЕО-дан шығуына дауыс берсе, онда қауымдастықтың Лондондағы штаб-пәтері өзге еуропалық астанаға көшірілетінін айтты.
Энри референдум нәтижесіне қарамастан, ұйым еуроға көшкен және өз валютасын сақтап қалған елдер үшін бірыңғай банк ережелерін құру бойынша жұмыстарын жалғастыратынын жеткізді.
EBA басшысы қазір ЕО банк секторы 5 жыл бұрынғы жағдайға қарағанда тұрақты екенін айтты. Энри даулар мен айыппұлдардың алдын алу үшін банктер ішкі бизнес-мәдениетті өзгертуі керек деп санайды.
15 маусымда Ұлыбританияның қаржы министрі Джордж Осборн Еуроодақтан шықса, ел алдағы төрт жылда 30 млрд. еуро шығынданады дейді. Осборн үкімет бюджеттегі тапшылықтың орнын толтыруы үшін салықты көтеруге мәжбүр болатынын ескертті. Министр Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы денсаулық сақтау, қорғаныс, білім беру, полиция және көлік саласына жұмсалатын мемлекеттік шығын азаюы мүмкін деген болжам айтты.