Life News хабарлағандай, мультикультурализмге қарсы күресті насихаттайтын өз «Манифестінің» парақтарын үлкен экраннан тамашалаған кезінде қатыгез қылмыскердің беттері қызарып, иегі мен еріндері дірілдеп кетті.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 16 сәуірде Андерс Беринг Брейвик сотқа қара костюм киіп, алтын түсті галстук тағып келіп, сот залына күлімсіреп кірді . Қолдарынан кісен шешілгеннен кейін ол залға жиналған қауыммен нацистік үлгіде - оң қолын алға қарай сермей сәлемдесті, бірақ сол сәтте оның алға сермеген жұдырығы жұмулы болды.
«Мерген» норвегиялық сотты мойындамайтындығын және әскери трибунал алдында жауап беруі керек екендігін мәлім етті. Соған қарамастан сотқа сыйластық танытатындығын айтты.
Журналистер атап үлгерген «Ғасыр ісі» кем дегенде 10 аптаға созылады. Онда шамамен 150 куәгерден жауап алынатын болады. Алғашқы аптада - 16 мен 23 сәуір аралығында - айыпталушының өзінен жауап алынады.
Егер сот Брейвикті психикалық науқас деп тапса, ол жындыханаға күштеп емдетілуге жіберіледі, емшара мерзімі оның өмір бойына дейін созылуы мүмкін. Ал осы елдің заңнамасына сәйкес, лаңкестің жасаған қылмысына белгіленетін ең шекті жазалау мерзімі 21 жылға тең.
Естеріңізге сала кетейік, Андерс Брейвик Ослодағы 2 лаңкестік оқиғаны ұйымдастырғаны үшін айыпталып отыр, соның салдарынан 77 бейбіт азамат қаза құшқан болатын.
00:27, 17 Сәуір 2012
Брейвик сот залында өз манифестін көрген бойы көзіне жас алды
АСТАНА. 17 сәуiр. ҚазАқпарат - Террорист Андерс Беринг Брейвик Ослодағы лаңкестік оқиғасы туралы сот ісі бойынша өткен алғашқы сот отырысында өзінің насихат ролигін көрген бойы көзіне жас алды, деп хабарлайды BNews.kz.