деп хабарлайды caspionet.kz сайты.
Сот кеше қылмыскердің ойластырған, алайда іске асырмаған пиғылдары бар екеніне Брейвиктің өзінен белгілі болды.
Брейвик Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Гро Харлем Брундтландты ұрлап кетіп, кейін оның басын кесіп өлтіруді жоспарлағанын айтып берді. Сондай-ақ ол, «Осло қаласында бір емес, 3 бомба жармақ болдым»,- деп мәлімдеді. Айыпталушының айтуынша, 3 бомбаны бір мезетте алыстан басқарып іске қосу қиынға соғатындықтан одан бас тартуға тура келген. Өткен жылдың 22 шілдесінде Брейвиктің қойған бомбасы Ослоның орталығында жарылып, одан 8 адам қаза тапса, 209 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны белгілі. Дегенмен, оның басты қылмысы Утойя аралындағы жастар лагерінде 69 адамды атып өлтіргені болып отыр. Брейвик Утойяға келген кезде бұрынғы премьер-министр аралдан кетіп қалған екен. Әйтпегенде қылмыскер оның басын кесіп, бейнежазбаға түсіріп, оны таратпақ болған. Өзін кінәлі деп санамайтын қылмыскер сот мәжілісінде «зорлық-зомбылық өзіңнің алдыңа қойған мақсатқа жетудің бір құралы»,- деп мәлімдеді шімірікпестен. Брейвик сондай-ақ атыс-шабысқа құрылған компьютерлік ойындарға құмар болғанын айтып берді.