Бриджит Бардо австралиялық түйелерді қорғап, мәлімдеме жасады

АСТАНА.    Желтоқсанның  3-і. ҚазАқпарат -  Танымал киножұлдыз   Бриджит   Бардо австралиялық түйелерді   қорғап,   мәлімдеме    жасады. «Сіздер    қателіктеріңізді үнемі   қайталайсыздар.    Алдымен  қояндардың,  одан кейін     жылқылардың   көздерін жойдыңыздар. Енді міне түйелерге шүйліктіңіздер.    Бұл  Австралия сияқты  мемлекет  үшін    ұят және  лайықсыз   іс»,   - деп атап көрсетелі Бриджит Бардо өз    хатында.

Актриса    Австралияның   премьер-министрі Кевин  Радд мырзаға    хат жолдап,   «Ойсылқара»  тұқымдарын жоюды   тоқтатуға шақырды,  деп   хабарлайды   ИТАР-ТАСС агенттігі.

«Бұл ұят  іс.   Тікұшақтардан  оқ жаудырып, Австралияның   солтүстік  штаттарындағы 6 мың бас   түйенің көзін  жоюды мақсат  еткен     шара    ашу туғызбай  қоймайды»,  делінген  актрисаның атымен  аталатын  Жануарларды  қорғау  қорының       мәлімдемесінде.

Жақында шамамен алты мыңдай жабайы түйе елдің солтүстігінде орналасқан австралиялық шағын елді мекенге шабуыл жасады.   Құрғақшылықтың салдарынан    әбден  шөлдеп,  осы аумаққа  су іздеп келген жануарлар нағыз бүлдірумен айналысып жатқан көрінеді. Түйелер үйлерге кіріп келіп, су құйылған ыдыстарды қиратқан. Сонымен қатар, олар әуежайдағы апаттық ұшу-қону жолағын да бүлдірген.  Жағдайдың ушыққаны соншалық,  түйелер 350-ге жуық адам тұратын елді мекеннің инфрақұрылымын бұзуда.

Австралия   үкіметі әзірлеген  бағдарламаға  сәйкес,        ел аумағындағы    бірнеше мыңдаған жабайы түйенің көзі  жойылғалы  отыр. Мұндай  қатал  шешімнің  қабылдануына     осындағы түйе   тұқымының   тым көбейіп кетуі  себеп  болып  отыр.  Үкімет бағдарламасына  сәйкес,     аң аулаушылар оларды   тікұшақтан және  машинамен жүріп ататын болады.

Бұл бағдарлама        қоғамда   үлкен пікірталас  туғызып  отыр.      Көпшілік ел      бұл шараны   адамгершілікке жатпайды  деп санап,       түйе тұқымын  азайтудың басқа да жолдарын ұсынуда.  Мысалы,     жануарларды       ұрықсыздыққа  ұшырататын   дәрілер қосылған     жемшөптер    беру  туралы ұсыныс жасалуда.

Ойсылқара тұқымдары Австралияға алғаш рет 1840   жылдары әкелінген.   Олар колонияшыларға құрлықты игеруде көмектеседі   деген  мақсатпен жеткізілген.   Содан  бері   түйелер жаңа   мекенді  толық жерсініп,    1 миллион басқа дейін көбейіп  отыр.  Бүгінде  олар      ауыл шаруашылығына   үлкен зиян  келтіруде.