Іс-шараға қатысушылар халықаралық қауіпсіздікке төнетін ең өзекті сын-қатерлер мен қауіптер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «БРИКС Плюс» елдерінің өзара ықпалдастығын тереңдету мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы әріптестерін еліміздің өңірлік қауіпсіздік саласындағы негізгі бағыттары бойынша ұстанымынан хабардар етті. Сонымен қатар азық-түлік және су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық терроризм мен киберқауіпсіздік қатерлеріне қарсы тұруға қатысты бірлескен шараларды үйлестірудің маңызды екенін атап өтті.