БРИКС саммиті 2016 жылы 15-16 қазанда Гоада өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан төрағалық ететін БРИКС кезекті саммиті 15-16 қазанда Гоада өтеді, деп хабарлады РИА Новости Үндістанның сыртқы істер министрі Сушма Свараджға сілтеме жасап.

"БРИКС-тің келесі саммиті 2016 жылы 15-16 қазанда Гоа қаласында өтеді", - деді ол.

Министр саммиттің логотипі мен БРИКС-тегі Үндістан төрағалығының сайтын көрсетті.

БРИКС - Бразилия, РФ, Үндістан, ҚХР және ОАР бейресми мемлекетаралық бірлестігі. БРИКС елдері тұрғындарының жалпы саны - 2,83 миллиард адам (әлем тұрғындарының 42%-ы).

БРИКС форматының саяси және экономикалық салмағы артып келеді. 2015 жылы сәуірде Ресей бір жылға Бразилиядан топқа төрағалық етуді қабылдаған. Жылдың негізгі оқиғасы Уфадағы БРИКС елдерінің саммиті болды.