Бірыңғай уақыт белдеуі бизнеске қалай әсер етеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов уақыт белдеуінің өзгеруі еліміздегі бизнеске қалай әсер ететінін айтты.

Фото: pexels.com

«Сауда министрлігіндегі әріптестеріміз бұл мәселемен жан-жақты айналысып жатыр. Олар тиісті талдау жасады. Менің ойымша, олар бұл сұраққа толығырақ жауап бере алады. Бизнес үшін айтарлықтай шығын болмайды деп санаймыз. Керісінше, тұтынушылар қандай да бір қолайсыз жағдайға тап болса, бұл бірен-саран сипатта болады», - деді Т. Жақсылықов Сенатта өткен брифингіде.

Оның айтуынша, кең байтақ еліміздің барлық аймақтарында жұмыс күні бір уақытта басталатындықтан, бизнес ұзақ мерзімді оң нәтиже алады.

«Ал мемлекеттік қызметтерді алуға қатысты барлық рәсімдер бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады. Бұл өз кезегінде бизнеске қатысты жақсы жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, 1 наурыздан бастап еліміздің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнайды.