Бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз – Олжас Бектенов

Фото: pixabay.com

АСТАНА. KAZINFORM – Бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.

«Сауда министрі өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және Ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», - деді Олжас Бектенов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері зерттелетінін жазған едік.