ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 20 қаулысына сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00–де) Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Абай, Ұлытау, Жетісу, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа шегеріледі.
Жолаушыларға бұрын сатып алынған әуе билеттеріне енгізілген түзетулер туралы тиісті хабарлама жіберілген.
Бұл ретте жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 29 ақпан мен 2 наурыз аралығында Авиация әкімшілігі жедел штабында рейстің ұшу-келу уақытын өзгерту мәселесі бойынша сенім телефоны жұмыс істейді.
Жолаушылар мына нөмірлерге хабарласа алады: 7 (717-27) 9-82-14, 77172 798213.
Сондай-ақ, ағымдағы рейстің жағдайын нақтылау үшін жолаушыларға әуежайдың ақпарат қызметтеріне, қосымшаларға және авиакомпанияның байланыс орталықтарына хабарласуға болады:
Air Astana: 7727244 44 77, 7 (717-25) 8-44-77, 7 (702-70) 2-44-77;
FlyArystan: 7 727 331 1010 (WhatsApp 7 (702-70) 2-02-27;
SCAT: 7 (725-29) 9-88-80;
Qazaq Air: 7 727 356 14 14.