«29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Алматы уақытымен түнгі сағат 00:10-ға дейін жұмыс істеп, ал 1 наурыз күні жаңа белдеу бойынша сағат 06:20-да метро қайта іске қосылады»,-деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағат белдеуі белгіленеді (UTC 5).
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегереді.