Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, германиялықтар Кевин Кравиц — Тим Пюцпен сынға түсті.
Бірінші партияда германиялық дуэт 6:3 есебімен басым түсті.
Екінші сетте де ештеңе өзгере қойған жоқ — 7:5.
Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов — Г.Эскобар 8 эйс жасағанымен, 8 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.
Қарсылас жұп 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Қазақстан азаматтығын алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).