Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы жазады.
newsru.com хабарлағандай, Қытайдың сот жүйесінде екі жыл мерзімге белгіленген үкім егер осы жыл ішінде Гу қандай да бір қылмыс жасайтын болса, күшіне енеді дегенді білдіреді. Басқа жағдайда өлім жазасы өмір бойы бас бостандығынан айырылуға ауыстырылуы мүмкін, бұл қазір ҚХР-да темір тордың ар жағындағы 14 жылдан кем емес мерзімді көрсетеді.
Айта кетейік, 53 жастағы Кайлайдың үстінен қозғалған сот небәрі бір күнге созылды. Әйел сотта өзін жақсы ұстады. Ол жауап беру кезінде өзінің досы әрі іскери серіктесі Бо Силайды өлтіргенін, сондай-ақ экономикалық қылмыстарға қатысы барын да мойындады.
Естеріңізге сала кетейік, британдық кәсіпкер Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин қонақүйінде 2011 жылдың 15 қарашасында өлі күйде табылған болатын. Жергілікті билік оның өлімін ішімдікпен уланғанымен байланыстырды, бірақ оның достары кәсіпкердің ішімдікке онша жақын емес екенін айтқан еді. Үш ай өткен соң британдықты біреудің у беріп өлтіргені анықталды, сонда ғана Құрама Корольдік қайтадан тергеу жасауды талап еткен болатын.