Иэн Хьюз жүзуді 20 маусым, сейсенбі күні ілеспе қайықтағы қолдау тобымен бірге бастады.
Әскери-теңіз флотының әскери тікұшақтарымен және патрульдік катермен іздеу еш нәтиже бермеді.
Екі апта бұрын Иэн әлеуметтік желілерге ауа райының қолайсыздығына байланысты жүзу уақыты өзгертілгені туралы пост жариялаған болатын.
«Ла-Манш бұғазын қайырымдылық мақсатында жүзіп өтпек болған құтқарушыларымыздың бірі Иэн Хьюз із-түзсіз жоғалып кеткенін қайғыра растаймыз», - делінген Уэст-Мидлендстің өрт сөндіру қызметі таратқан баспасөз хабарында.
Екі баланың әкесі Иэн Хьюз өрт сөндіру қызметінде 19 жасынан бері жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ол техникалық құтқару бөлімшесінің қызметкері.
«Француз және Бельгия әскери тікұшақтары, әскери-теңіз флоты мен полицияның патрульдік катерлерімен іздеп жатқанымызбен Иэннің қайда екені әлі белгісіз», - делінген өрт сөндіру қызметінің мәлімдемесінде.
Ла-Манш енінің ең тар жері - 34 шақырым. Оны жүзіп өтуге 7 сағаттан 27 сағатқа дейін уақыт кетеді.
Осы жүзу арқылы Иэн Хьюз Британ жүрек қорына, Мидлендстің Санитария авиациясы мен Өрт сөндіру қызметіне £21,000 жинауды жоспарлаған.
Иэн Хьюздің жоғалып кеткені туралы ақпарат аймақтық жедел бақылау және құтқару орталығына (CROSS) сейсенбі, 20 маусымда түсті.
Орталық іздеуге Франция мен Бельгияның Әскери теңіз күштері мен Францияның теңіз патрулін жіберді.