Британ поштасы үшкүндік ереуіл жариялады

None
АСТАНА.   Қазанның 29-ы.  ҚазАқпарат -  Ұлыбританияның  Корольдік поштасының  қызметкерлері     үшкүндік  ереуіл бастады. 

Бұл     шараларға        жұмыс  орындарының  қысқартылуы  және  жалақы   мәселелері  бойынша басшылықпен     болған  келіспеушіліктер себеп  болып  отыр,     деп хабарлайды  «Маяк»  радиостансасы.

Жалпы  есеппен     ереуілге  120 мыңға жуық  адам  қатысады.  Бүгін     хат-хабарларды  өңдеу  орталықтарының   қызметкерлері мен  жүргізушілер    ереуілге  шықса, ертең -   үш қосалқы  пошта орталықтарының      қызметкерлері ереуіл жасайды.  Ал сенбі күні     77 мың   пошташы жұмысқа шықпайтын   болып отыр.