Бұл шараларға жұмыс орындарының қысқартылуы және жалақы мәселелері бойынша басшылықпен болған келіспеушіліктер себеп болып отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Жалпы есеппен ереуілге 120 мыңға жуық адам қатысады. Бүгін хат-хабарларды өңдеу орталықтарының қызметкерлері мен жүргізушілер ереуілге шықса, ертең - үш қосалқы пошта орталықтарының қызметкерлері ереуіл жасайды. Ал сенбі күні 77 мың пошташы жұмысқа шықпайтын болып отыр.