Белл Перуден өткен жылғы 9 қарашада жолға шыққан. 2 қазанда Кенияның Килифи қаласы маңындағы жағалауға жетті. 54 жастағы бұрынғы теңіз жаяу әскері ұзындығы 8,3 метр болатын карбонды Billy No Mates қайығымен сапар шеккен.
Саяхат рекорд орнату талаптарына сай жүргізілді. Белл жағаға шыға алмады және басқа адамдардан физикалық көмек қабылдамады. Ол күн сайын шамамен 12 сағат ескек ескен, навигациямен, тамақ әзірлеумен және қайықты жөндеумен өзі айналысқан.
Сапар барысында саяхатшы қайықтың рөлін үш рет жөндеуге мәжбүр болған. Техникалық қиындықтарға қарамастан, ол қозғалысын тоқтатпай, Кения жағалауына дейін жетті.
– Джорджиге қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Өмірімдегі ең ұзақ душты қабылдап, кәдімгі төсекте ұйықтауды асыға күтіп отырмын, – деді Белл сапары аяқталғаннан кейін.
Экспедиция кезінде британдық саяхатшы әскери қызметшілерге, ардагерлерге, олардың отбасыларына және күйзеліске ұшыраған төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көмек көрсететін қайырымдылық ұйымына қаражат жинады. Жиналған қаражат 112 мың фунт стерлингтен, яғни шамамен 148 мың доллардан асты.
Белл ескекпен мұхитты жалғыз кесіп өту бойынша бұрынғы рекордты жаңартуды көздеп отыр. Қазіргі рекорд америкалық Джейкоб Адорамға тиесілі. Ол 2019 жылы АҚШ-тағы Неа-Бейден Аустралияның Кэрнс қаласы маңындағы жағалауға дейін 6 140 теңіз милін (11,37 мың шақырым) жүзіп өткен.
Адорамға Тынық мұхитын шығыстан батысқа қарай кесіп өтуге 335 күн 22 сағат 30 минут қажет болған. Беллдің нәтижесі жаңа рекорд ретінде ресми түрде қаралуы тиіс.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық Бүрлен Әділетқызы велосипедпен 76 күнде еліміздің 19 қаласын аралап шыққан. Ол сапарын Ақтаудан бастап, Астанада аяқтаған.