Таунтон мектебін 1949 жылы тәмамдаған 82 жастағы сэр Джей Тидмарш шкафты ақтарып жүріп, кітапхананың Сомерсет Моэмның "Эшенден, немесе Британиялық агент" кітабын тапқан. Кейін «айыппұл» төлеп, оны қайтару шешіміне келген.
"Қалай болғанын білмеймін, кітапты ашқанда «Таунтон мектебінің мүлкі» деген таңбаны көрдім. Бірден оны айыппұл төлеп, қайтаруды ұйғардым ", - деді ол.
Ал Bristol Post газеті 65 жыл бойы қайтарылмаған кітап үшін шын мәнінде 2,5 мың фунттан астам айыппұл төлеу керектігін атап өтті.