Екінші орын Ұлыбритания орындаушысы Эд Ширанға берілді. Үшінші орынға өткен жылғы рейтингте көш бастаған Тейлор Свифт тұрақтады.
Аталған ұйымның жыл сайынғы рейтингісіне іріктеуде - аудиожазбалар сатылымының жалпы көлемі, сондай-ақ негізгі стриминг-қызметтердегі тыңдаулардың саны ескеріледі.
Өткен жылы Адельдің есімі бірден бірнеше рекордпен байланысты болды. 22 қазанда жарияланған оның «Hello» әні 12 сағаттың ішінде 85 елдің iTunes чарттарында бірінші орынға көтерілді, туындының бейнебаяны небәрі 87 күннің ішінде Youtube видеохостингінде 1 миллиард рет қаралды.