Британдық астронавт орбитадан Лондондағы марафонға қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық ғарыш стансасының бортындағы британдық астронавт Тим Пик Лондон марафонының тарихындағы ғарыштан алғашқы қатысушы болды, деп хаббарлады Reuters.

44 жастағы австронавт 26,2 миль қашықтықты 3 сағат 35 минутта жүгіріп өтті. Ол ХҒС бортындағы арнайы жүгіру жолына байлаулы болатын, Лондондағы шараның трансляциясын iPad экранында нақтылы уақытта бақылап отырды.

Белгілі болғандай, Лондон марафонында екінші жыл қатарынан Олимпиадалық ойындардың екі дүркін жүлдегері кениялық Элиуд Кипчоге жеңіп алды, жарыстың рекордын жаңартып, қашықтықты 2 сағат 3 минут 5 секундта еңсерді.