Бұл туралы Daily Mail жазды.
28 жастағы Шелли Скиннс (Shelley Skinns) түсірілімі сәтті шығуы үшін мұрны мен иегіне пластикалық ота жасатқан. Сондай-ақ бойжеткен көзілдірік киіп жүргісі келмей, көзінің көруін жақсарту үшін де хирургиялық операцияға жүгінген.
«Бұдан былай түсірген селфиіме көңілім толатын болды. Енді өз денемде өзімді жақсы сезінетін боламын», - деп мәлімдеді ол.
Скиннс 16 жасында түрлі қимылда тұрақты түрде өзін-өзі фотоға түсіре бастады. Енді бетінің фотодан әдемі көрінбейтін тұстарын осылайша жөнге келтіруді шешіп отыр.