Британдық дәрігерлер сиам егіздерін ажыратты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Британдық хирургтер бастары қосылып кеткен пәкістандық сиам егіздерін екіге бөлу отасын сәтті аяқтағанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The Guardian газетінің жазуынша, 50 сағатқасозылған күрделі әрі көп сатылы ота Лондонның алдыңғы қатарлы балаларауруханаларының бірінде жасалған. Бұған әртүрлі салалардың 100-ден астам маманықатысты. Олардың қатарында кәсіби дәрігерлер мен биоинженерлер бар.

Хайбер-Пахтунхва провинциясының Чарсаддақаласынан келген екі жасар Сафа мен Марва бас сүйектері қосылып туған, қантарату жолдары да ортақ. Басылымда хабарланғандай, егіздерді ажырату туралыбағдарлама өткен жылдың соңында басталып, бірнеше кезеңмен өткізілген. Алғашқыота 2018 жылдың қазан айында жасалды. Ол кезде қыздар небәрі 19 айлық болған.Екінші ота екі айдан кейін өткізілген. Алайда апалы-сіңлілі тек ақпан айында өткізілгенжеті сағаттық отадан кейін ғана толықтай екіге ажыраған.