Достық рұхында өткен әңгіме барысында дипломаттар барлық негізгі бағыттар бойынша қазақстан-британ ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Елшінің Нұр-Сұлтан мен Лондон арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейтуге және нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сұхбаттастар Корольдіктің Еуропалық одақтан шығуына байланысты Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қою бойынша бірлескен жоспарларды құптады.
М.Гиффордттың екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан жеке үлесін назарға ала отырып, британ дипломаты ҚР Сыртқы істер министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.