Британдық ең жас атақтылардың тізімі белгілі болды

АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - Жылдағы дәстүр бойынша британдық ең жас атақты адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Лента.ру.

Аталған тізімде британдық актерлер ішінен суырылып алға шыққан  54 млн фунт қаржысы бар «Гарри Поттер» сериалының басты кейіпкерін сомдаушы Дэниел Рэдклифф болды. Атақты «Гарри Поттердің» қасында жүретін сиқыршы қыз - Эмма Уотсон 26 млн фунт жиған-тергенімен 5-орынға тұрақтапты. Ал екінші орын «Сумерки» атты вампирлер туралы саганың бас кейіпкері Роберт Паттинсонда. Оның қалтасында 40 млн фунт бар көрінеді.

Жоғарыда айтылған Эмма Уотсон сондай-ақ ең бай жас модельдердің тізіміне де енген екен. Бұл тізімде ол 3-орынға тұрақтапты. Ал бірінші орында оның әріптесі актриса Кира Найтли (30 миллион) тұр. Ал екінші орын тағы бір Кира, Кира Чаплинде (28 миллион).