Британдық ерлі-зайыптылар техникалық іркілістің салдарынан £35 млн.-нан қағылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда Лестер қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Эдвина мен Дэвид Найлан лотереяның төлем қосымшасындағы іркілістер салдарынан £35 млн сомасындағы джекпотты ала алмады.

Бұлардың алты  нөмірді де дәл тапқанына қарамастан билетке төлем жасауға арналған ұтқыр қосымша іске қосылмады және олардың ұтысы тіркелген жоқ, деп жазады РТ.