Оның көмегімен ағзада антиоксиданттардың шоғырлануының артуы мен қан айналымының күшеюінің арқасында адамның терісі жасаратын көрінеді. Мамандардың айтуынша, зерттеуге өз еркімен қатысқан 50-60 жастағы еріктілер үнемі Esthechoc шоколадын пайдаланған соң олардың бет терісінің күйі оң нәтижелер көрсеткен. Үш аптадан кейін олардың терілеріндегі қан айналым жүйесі мен тері астындағы май жасушаларының қызметі жақсарған. Мұндай таңғажайып шоколадтардың сауда сөрелерінде қашан пайда болатыны туралы әзірге хабарланбады. Оның бағасы да белгісіз. Бұл тәттіні дайындаған ғалымдар толығырақ ақпаратты 2015 жылдың наурызында Лондонда өтетін Global Food Innovation Summit конференциясында ұсынатындары туралы айтты, деп хабарлады БЕЛТА.
13:21, 26 Ақпан 2015
Британдық ғалымдар әжімдерді кетіріп, теріні жасартатын шоколад жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кембридж университетінің ғалымдары адамның бет-жүзінде әжімдердің пайда болуын бәсеңдететін Esthechoc деп аталатын шоколадты дайындады.