Британдық ғалымдар қан талдауы арқылы өмір сүру ұзақтығын анықтайды

АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Британдық мамандар болашақта қан талдауы арқылы өмір сүру ұзақтығын анықтай алады, сонымен қатар болашақтағы ауруларын да болжайды, деп хабарлайды Росбалт.

Бұл тест үлгісі қартаюға қарсы жаңа препараттар мен әдістерді жасап шығаруға септігін тигізеді деп атап өтілген. Зерртеу барысында мамандар егіздерден алынған 6 мыңға жуық қан үлгілері бойынша талдау жасаған. Нәтижесінде, өмір сүруі барысында құрылатын «саусақ таңбасына» ұқсас 22 метаболит анықталған. Олар арқылы ғалымдар адам өмірінің ұзақтығын анықтай алады.

Метаболит шоғыры қарт адамдарға қарағанда жастарда төмен болатындығы анықталды. Сонымен қатар жаңа туған нәрестенің салмағы аталған элементке байланысты, бұл алдағы уақытта сәбидің денсаулығына әсер етеді. Сонымен бірге метаболиттер болашақтағы созылмалы ауруларды да анықтауға септігін тигізеді. Кейбір жағдайларда сыртқы факторлар әсерінен нәтиже өзгеруі де мүмкін.