Британдық ғалымдар тотықұстардың әуенге құмарлығының сырын тапты

АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Линкольн университетінің ғалымдары африкалық сұр тотықұстардың музыкалық талғамын зерттеуге ұйғарым жасады.

Олар үш тотықұсты жеке бөліп алып, U2, Джоан Баэз және UB40 регги-командасының ырғақты әуендерін тыңдатқан.

Әуезді әуен тотықұстарға қатты ұнаған. Олар ән ырғағымен тербеліп, тіпті қосыла айтуға да талаптанған. Ал Бах кантаталары құстардың босаңсып, өздерін еркін сезінуіне және қауырсындарын тазалауына ықпал еткен. Бір қызығы, тотықұстар биге арналған музыкаларды да тыңдауға да кет әрі еместігін танытқан.