кездестіре алмай жүргенін» айтқан.
Латын Америкасы елдерін 10 күн бойы аралаған Гарри CBS телеарнасына «патша ұрпағының қиындыққа толы өмірі туралы» ағынан жарылған көрінеді.
Сонымен қатар, ол өзінің де, ағасы Уильямның да кей кейде «жай ғана адам» болуды армандап, алайда тағдыр жазуымен патша ұрпағы болып туылғандықтан, сол атаққа лайық болулары керектігін түсінетіндігін мәлімдеген.
«Енді... өздеріңіз де білесіздер ғой, күллі ел бізді көрсе «о Құдайым-ау, мынау ханзада ғой!» деп жатады. Алайда бәрі сіздер ойлағандай емес. Біздің мойнымыздағы ауыр жауапкершілікті олар сезіне бермейді» - дейді ханзада.