Британдық ханзада Уильям 30 жасқа тол­ған туған күнінде анасынан қалған мұраға ие болмақ

АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Ханзада Уильямның туған күніне 15,7 миллион доллар сый жасалады. Ол бұл қаржыға қала сыртынан баспана сатып алмақ.

Ал әжесі Елизавета ІІ немересін Ұлыбритания үшін мәні мен маңызы зор орденмен марапаттайды, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Британдық ханзада Уильям 30 жасқа тол­ған туған күнінде анасынан қалған мұраға ие болады. Tengrinews.kz интернет порталы­ның хабарлауынша, Диана ханшайымнан қалған мұра - 10 миллион фунт, яғни 15,7 мил­лион АҚШ доллары. Ханзада мен оның жұбайы Кэтрин Миддлтон бұл қаржыға қала сыртынан баспана сатып алмақ. Ал Уильямның әжесі Елизавета II немересінің туған күніне Бри­тан империясының ең маңызды орденімен марапаттамақшы. Енді Уильям ханзада ІХ ғасырда құрылған Чертополох орденінің рыцары атана­ды.

Уильям - Чарльз ханзаданың бірінші әйелі Дианадан туған ең үлкен баласы. Анасы Диана ханшайым көлік апатынан қаза тапқанда Уильямның жасы бар болғаны 15-те болыпты.