Ер адам күрд тұтқындарын тапаншадан атып тұрған бала өзінің ұлы Джо Джо екенін әңгімеледі. Британдықтың айтуынша, баланың анасынан - рок-топтың бұрынғы мүшесінен бала дүниеге келгеннен соң, 2004 жылы айырылысқан. Бірқатар уақыттар өткеннен кейін оның бұрынғы зайыбы 20 жастағы иммигрант Джунайд Хусейннің ықпалымен исламды қабылдап, жаңа сүйіктісіне тұрмысқа шыққан және онымен бірге Сирияға кеткен. Онда ерлі-зайыптылар «Ислам мемлекеті» содырларына қосылды.
«Ол жақсы бала болатын, қоңыздарды қуып, саябақта ойнап жүретін. Мен бұған жол бермеуім қажет еді. Осындай күйге ұшырағаны өкінішті», - деп мәлімдеді кішкентай жиһадшының әкесі британдық басылымға берген сұхбатында.
Баланың анасы Салли Джонс қазір Ум Хусейн Британийя ретінде белгілі. Оның екінші жұбайы 2015 жылы авиасоққы кезінде өлтірілген. Әйел қазір халықаралық іздеуде жүр, деп жазады РИА Новости.