Балмұздақ жасау барысында Чарли адамның сілекейі тиген кезде жарқырайтын медузалардың арнайы ақуыздарын пайдаланды. Бұл ақуыздарды анықтау өте қымбат процедура болғандықтан балмұздақтың құны да жоғары болып келеді - 225 АҚШ доллары. Адам балмұздақты жалаған сайын ол жарқырай түсетін көрінеді.
Сонымен қатар Чарли алдағы уақытта көзге көрінбейтін балмұздақ та жасап шығармақшы екен.
09:02, 27 Қараша 2013
Британдық кәсіпкер қараңғыда жанатын балмұздақ ойлап тапты
АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Lick Me I'm Delicious балмұздақ компаниясының негізін қалаушы британдық Чарли Фрэнсис қараңғыда жарқырайтын бірегей балмұздақ ойлап тапты, деп жазады rosbalt.ru.