27 жастағы кәсіпкер Aethaer атауымен компания құрды. Таза ауа Дорсет, Сомерсет, Уилтшир, Йоркшир және Уэльс сынды ауылды аймақтардан жиналады. Алайда оның 580 мл болатын бір құтысы 115 долларға бағаланды (80 фунт стерлинг).
Тауардың басым бөлігі Шанхай мен Бейжің қалаларында сатылды. Бұл жердегі элита осы ауамен демалып көру үшін қажетті соманы беруге дайын, деп жазады шетелдік БАҚ.