Көлік құралы ерлердің жарыс моделі үлгісінде жасалды. Ең қымбат алтын велосипедтің бағасы 250 мың фунтты (шамамен 400 мың доллар) құрады.
Оның барлық бөліктері, тіпті шынжырының әрбір бөлігі алтынмен жабылған. Отыратын бөлігі Сан-марко шектеулі топтамасының жұмсақ терісімен жабылған, велосипед гаухар тастармен әшекейленген. Сатып алушылар бұған қоса рулі мен отыратын орнының былғары немесе бағалы тастармен жабылуына тапсырыс бере алады.