«Жеңімпазға бес негізгі нөмірді және екі «бақытты жұлдызды» табудың сәті түскен.
Айта кетер болсақ, бірінші EuroMillions лотереясы 2004 жылғы 13 ақпанда үш елде: Франция, Испания және Ұлыбританияда өткен еді.
Ал 2004 жылы қазанда лотереяға тағы алты ел: Люксембург, Бельгия, Швейцария, Португалия, Ирландия және Австрия қосылды. Ұтысқа тек Швейцарияда ғана салық салынады. Бір лотерея билетінің құны 2,5 еуро. Шамамен 200 миллионға жуық адам ұтыс ойынына қатысады.