«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында Қазақстанның азаматтық авиация саласын мемлекеттік реттеудің британдық үлгісіне (68-қадам) көшу бойынша UK CAA мамандарымен жұмыс жалғасуда. Бүгін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері UK CAA халықаралық даму аға менеджері Лиам Бернмен кездесу өткізді», - делінген таратылған ақпаратта.
Ведомствоның атап өтуінше, алдағы уақытта британдық мамандар Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бақыламақ.
«Кездесу барысында болашақ ынтымақтастықтың жолдары талқыланды. Алдағы уақытта британдық мамандар ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау бойынша жаңа құрылымға жұмысқа тартылады деп күтілуде», - деп хабарлады комитеттен.
Айта кетейік, Лиам Берн UKCAAi халықаралық даму аға менеджері болып жұмыс істейді. Оның Lufthansa Consulting, UKCAAi және басқа да ірі компанияларда стратегиялық даму және жоспарлау бойынша кеңес беру саласында 16 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.