Британдық Манчестердегі түнгі клубтан қайтып келе жатып, таң ата Парижден бір-ақ шыққан

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Британияның Манчестер қаласында тұратын жасөспірім кешке достарымен бірге қыдыруға шығып, келесі күні таңертең Париждегі Шарль де Голль әуежайының әжетханасында оянған. Анықталғандай, ішімдік ішіп, мас болған 19 жастағы Люк Хардинг таңғы сағат төрт кезінде түнгі клубтан үйіне қайтып келе жатып, өзінің шұғыл түрде Эйфель мұнарасын көргісі келетінін сезінген.

Осы сезім буымен жас жігіт такси ұстап, Манчестер әуежайына тартқан, деп хабарлады utro.ru.

Жол жөнекей телефон арқылы ұшақ билетіне де тапсырыс беріп үлгерген. Сөйтіп, ол таңғы алтылар шамасында Парижге ұшып шыққан.

Жасөспірімнің бұл қызық әрекеті оған 300 фунт стерлинг шығын әкелді. Алайда ол өзінің «сәтсіз сапарына» еш өкінбейтіндігін айтты. «Бұл ұзақ уақыт естен кетпейтін қызық оқиға болды», - деді Хардинг.