«Менің артымда керемет Әзірет Сұлтан мешіті тұр. Бұл қаланың белгілі көрнекті жерлерінің бірі және маған бүгін осы мешітке келу бақыты бұйырды. 1 қыркүйек - Ислам күнтізбесінде өте маңызды күн. Сол себепті бүгін мешіт алдында тұрып өзімнің тілегімді білдіргім келеді. Құрбан айт құтты болсын!» - делінген ҚР-дағы Британ елшілігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланған видеоқұттықтауда.
16:04, 01 Қыркүйек 2017
Британдық министр Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Еуропа және Америка істері жөніндегі министрі Алан Данкан қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.