10 000 метрлік қашықтықта британдық кениялық Пол Тануи және Джоффри Камворорды артқа тастап, 27:01.13 көрсеткішпен жеңімпаз атанды. Бұл оның төртінші чемпиондық титулы.
Мохаммед Фара Сомалиде туған, сегіз жасында Джибудиден Ұлыбританияға көшіп келген. Мұның алдындағы алтынын Фара Мәскеудегі 2013 жылғы Әлем чемпионатында олжалаған болатын.
Енді ол 5 000 метрлік қашықтықта бағын сынамақ.