Британдық мұражайдан ұрланған Генри Мурдың аса құнды қола мүсіні табылды

АСТАНА. 24 шілде. ҚазАқпарат - Англияның Хертфордшир графствосы сенбі күні британдық мүсінші Генри Мурдың (1898-1986) барша әлемге танымал «Күн сағаты» қола медалі табылғандығын хабарлады,

деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

 Баукеспелер Англияның  Мач Хэдэм Фонда елді мекенінің аумағында орналасқан 56 см-лік туындыны тұғырымен бірге 13 шілде күні ұрлап әкеткен. Мүсіннің құны 785 мың долларды құрайды.

Бұл мүсіндік жұмыс Би-Би-Си телеарнасының "Краймуотч" бағдарламасы арқылы табылды. Бағдарлама барысында бұл туындыны табуда тұрғындардан көмек сұралған болатын. Тәртіп сақшыларымен өткізілген шараның нәтижесінде қоғам өкілінің нұсқауымен 3 жас жігіт ұсталды. Олардың екеуі 22-де болса, үшіншісі небәрі 19-да.