Инженер оқушыға қандай да ынтымақтастық жасауға рұқсат берілмегеннен кейін ол өзі ядролық процесс синтезін нөлден бастаған. Өзінің сыныптастары мен мұғалімінің қасында Эдварс сутегі атомдарын қосып, гелий алған.
Тәжірибе мамандарды таң қалдырды: Гейгердің есебі екі молекуланың қосылғанын көрсеткен, деп хабарлады First News.
Оқушы баланың бұл тәжірибесін көптеген елдердің физиктері көптеген жылдар бойы зерттеп келеді, ол теория жүзінде экологиялық таза электростансаларды құру үшін пайдалануға қолайлы.
Еске сала кетейік, 2012 жылы Испанияның Жирон қаласының мектеп оқушысы 11 жасар Эдуальд Веи Diamond Award сыйлығын иеленген. Ол Лондон British Invention Show көрмесінің қортындысы бойынша лауреат атанған. Төрешілер оның ойлап шығарған - желді диірменді жоғары бағалады. Оған күн батареялары орнатылған. «Мен энергия өнімдерін қоршаған ортаға зиян тигізбей бір ғана механизмнің көмегімен алғым келді», - деп түсіндірді өзінің ұсынысын оқушы.