Олардың үйіне аукцион үйінің қызметкері кездейсоқ келмегенде, жәдігерді қандай тағдыр күтіп тұрғаны беймәлім еді. Тәжірибелі маман құмыра құнының жоғары екенін айтып, қожайындарға оны бәссаудаға шығаруды ұсынады.
- Құмыра бұл үйде 1980 жылдан бері бар, қожайындары оның құнды жәдігер екенін білмеген. Тек құмыраның 1930 жылдары антиквариат алып сатумен айналысқан туысы - Фло апайынан мұраға қалғанын біледі, - деді бағалаушы Адриан Рэтбоун.
Құмыраның жаңа иесі қытайлық коллекционер болашақта құмыраны кем дегенде миллион фунтқа сатуды жоспарлап отыр.