Британдық өз бақшасынан ежелгі рим вилласының қирандысын тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Англияның оңтүстік-батысында тұратын британдық өз бақшасында электр желісін жүргізіп жатып, байқаусызда ежелгі рим вилласының үстінен шықты.

Люк Ирвин архелогтарға хабарласып, олар мұнда өте жақсы сақталған рим мозаикасын тапты.

Мамандардың тапқан олжаларының ішінде монеталар, керамикадан жасалған ыдыстар, сәнді түйреуіштер және малдардың сүйектері бар, деп хабарлайды Би-би-си.