Британдық парашютші құлап бара жатқан әріптесін құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық әуеде парашюті ашылмай құлап бара жатқан әріптесін құтқарып қалды.

Оқыс оқиға Англияның солтүстік батысындағы Whitehaven Festival авиашоуы кезінде орын алды. Көрсетілімге қатысқан британдық қарулы күштердің екі әскери қызметкерінің бірінің парашюті ашылмай қалған. Абырой болғанда, әріптесі оны әуеде ұстап үлгерген.

Шоуды ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, әскери қызметкердің екеуі де жарақаттанбаған. Олардың өздері мұндай жағдайларды жаттығу кезінде үйренгендерін айтқан.