Оларға өз балаларының денсаулығын дұрыс көңіл бөлмеді деген айып тағылып отыр. Алайда жауап алынған соң баланың 49 жастағы әкесі мен 44 жастағы шешесі кепілдікпен босатылып жіберілген. Айта кетейік, жасы небәрі 11-дегі баланың бойы 1,5 метр болса да, салмағы 95,2 кг құрап отыр. Демек, оның дене салмағының индексі 41,8 пунктке жеткен, бұл «ауыр клиникалық жағдай» ретінде қарастырылады. Оны білім алатын мектебі соңғы айларда тексерілуі үшін екі рет ауруханаға жіберген. «Баланың салмағына қатысты мәселе туындағанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау қызметінің де, денсаулық сақтау саласының да, әлеуметтік қорғау қызметкерлері де оған назар аударады», - дейді полиция офицері. Ал баланың әкесі болса, мұны ұрпағының ата тектік бейімділігімен (генімен) байланыстырып отыр.
17:49, 08 Маусым 2014
Британдық полицейлер артық салмақтан зардап шегетін баланың ата-анасына айып тақты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық полиция қызметкерлері артық салмақтан зардап шегетін жасөспірімнің ата-анасын тұтқындады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.