Британдық полиция 5 маймылды бүкіл Еуропадан іздестіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания полициясы жалпыеуропалық операцияға кірісіп кетті. Шара шеңберінде маймылдар іздестірілмек, деп хабарлады Reuters.

Жануарлар 29 сәуірде елдің солтүстігіндегі хайуанаттар бағынан ұрланғаны айтылады. Жоғалған 5 маймылдың үшеуі құрып бітуге шақ қалған өте сирек кездесетін түрге жатады.